EcoBusinessLab әлеуметтік жобасының екінші маусымы қорытындыланды

Жастарды экологиялық бизнеске бейімдейтін байқауға барлығы 300 өтінім түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасынан іріктеліп алынған 40 жобаның 32-сі ақтық сынға дейін барып, қазылар алқасына бизнес-идея ұсынды. Нәтижесінде 9 жоба үздік деп танылды. Оларға кәсібін ашуға грант берілді. Жобаға қатысқан жастар бірнеше ай бойы арнайы оқудан өтіп, онлайн-сессиялар мен тренинг-кездесулерге қатысты.

Захира Бегалиева, «Iteachme» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры

- Экобизнеслаб 3 келесі жылы өтеді. Жоба сәтті жүргізіліп жатыр деуге толық негіз бар. Қазірдің өзінде жемісті бизнес идеяларды көріп отырмыз. Түптің түбінде бұл жобалар кәсіптің көкжиегін кеңейтуге ғана емес, экологияда оң өзгерістер әкелуге де сеп береді деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

Жастарды экологиялық бизнеске бейімдейтін байқауға барлығы 300 өтінім түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасынан іріктеліп алынған 40 жобаның 32-сі ақтық сынға дейін барып, қазылар алқасына бизнес-идея ұсынды. Нәтижесінде 9 жоба үздік деп танылды. Оларға кәсібін ашуға грант берілді. Жобаға қатысқан жастар бірнеше ай бойы арнайы оқудан өтіп, онлайн-сессиялар мен тренинг-кездесулерге қатысты.

Захира Бегалиева, «Iteachme» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры

Экобизнеслаб 3 келесі жылы өтеді. Жоба сәтті жүргізіліп жатыр деуге толық негіз бар. Қазірдің өзінде жемісті бизнес идеяларды көріп отырмыз. Түптің түбінде бұл жобалар кәсіптің көкжиегін кеңейтуге ғана емес, экологияда оң өзгерістер әкелуге де сеп береді деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...