Қазір елордадағы бірнеше нысанда әлеуметтік әмиянның пилоттық нұсқасы жұмыс істеп тұр

Қазір елордадағы бірнеше нысанда әлеуметтік әмиянның пилоттық нұсқасы жұмыс істеп тұр

Бұл жоба арқылы мемлекеттен жәрдемақы алатындар қағазбастылықтан арылады, кедергісіз төлем жасап, тегін қызмет ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл іс-жүзінде жүзеге асып жатыр ма? Бүгін мұны Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тексеріп көрді. Ол әлеуметтік нысандарды аралап, әмиянның әлеуетімен танысты. Кәдімгі банк картасының орнын басатын бұл төлем жүйесінде ақшаны қолма-қол шешу мүмкінідігі жоқ. Яғни, көмек - қажетке ғана жұмсалады. 

Айта кетейік, жоба құжат жинау, кезекке тұру мәселесінен құтылуға көмектеседі. Жоспар бойынша келесі жылы толық іске қосылады.

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Екі түрлі мүмкіншілік болады, тұтынушыларға. Әлде әлеуметтік әмиян арқылы төлеуге, әлде өзінің кәдімгі банк карталары арқылы төлеуге. Таңдауды азаматтар өздері жасайды. Бұл көмек емес, өте маңызды мәселе. Үкіметтің өз азаматтарына қолдау көрсеткені деп есептеймін.