ШҚО-да жайылым жерлерін пайдаланбай отырғандар көп

ШҚО-да жайылым жерлерін пайдаланбай отырғандар көп

Шығыс Қазақстанда жайылымға деп алған жерін пайдаланбай отырғандар көп. 

2,5 миллион гектар аумақтың 1 миллион 800 мың гектары мақсатсыз пайдаланылуда дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  өкілдері. Мәселен, 5 мыңға жуық жайылым иелерінде бір де бір мал жоқ. Бұл аз десеңіз, 260 жер учаскесі мүлдем қараусыз  жатыр. Иелері өмірден өтіп кетсе де, жер телімдері есептен шығарылмаған.  Тіпті заңға қайшы болса да, шет елдік азаматтарға берілген  учаскелер де бар екен.  Ал өңірде жайылымға жарымай отырған қаншама шаруа бар. 

Арыстан Асқар, облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет превенция басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Заңға қайшы болса да жайылым үшін деп берілген жерлер өте көп.Біз соған көз жұма қарап рұқсат берген мекемелердің барлығына  жайылымдарды қайтару туралы ұсыным хат жолдадық.Сонымен қатар жерді пайдалану мерзімі бітіп қалса да оны қайтармай не мерзімін созбай отырғандар бар. Олар туралы да нақты істер жүргізіледі.