Петропавлдағы газдың жарылуы: науқастарға операция қажет болуы мүмкін

Қазір 5 науқас ауруханада ем қабылдауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның төртеуі травмотология, тағы біреуі жақ бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Барлығының жағдайлары орташа ауыр. Шамамен денесінің 10 процентін күйік шалған. Тағы 4 адам кеше дәрігерлердің қарауынан кейін, үйлеріне жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс орталығында техникалық көлік жөндеу станциясында көліктің газ балоны жарылған болатын. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумаққа дейін жайылды. Салдарынан ғимарат қабырғасы опырылып, ондаған көлік зақымданды. Аталған фактіге қатысты полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. 

Валерий Грибашов, қалалық Көпбейінді аурухананың жарақат пунктінің меңгерушісі:

- Қазіргі таңда ауруханаға жатқызылғандар ем қабылдап жатыр. Ем-дом шараларынан кейін жағдайларын қарайтын боламыз. Себебі алған жарақаттары өздігімен жазылмауы мүмкін. Онда науқастарға операция жасайтын боламыз.