Петропавлда газдың жарылуынан зардап шеккен 3 адам ауруханадан шықты

Тағы біреуі ем алудан өзі бас тартқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 4 адам травматология бөлімінде жатыр. Олардың денесін орта және жеңіл күйік шалған.

Естеріңізге салайық, кеше қаладағы техникалық қызмет көрсету станциясында көліктің газ баллоны жарылып, 9 адам ауруханаға түскен болатын. Дүмпудің қатты болғаны сонша ғимараттың қабырғасы опырылып, 10 көлік зақымданды. Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.