Ұлытау облысында экзитпол өкілдері сауалнама жүргізді

Экзитпол өкілдерінің де жұмысы қауырт. «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институтының өкілдері жер-жерде сайлаушылардан сауалнама алып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Ұлытау облысында осы ұйымның ондаған мүшесі дауыс берушілермен тілдесіп, қай үміткерді таңдағанын жазып алады.

Айта кету керек, бұл топ маусымда өткен жалпыхалықтық референдумда да экзитпол жұмыстарына қатысқан. Ұйым өкілдері сайлау учаскелерінің сыртында жұмыс істейді. Сауалнама барысында дауыс берушінің аты-жөні сұралмайды, тек жасы, жынысы мен ұлты ғана тіркеледі.

Мадина Алдажанова, экзитпол тобының мүшесі:

– Әрбір сайлау учаскесіне келген азаматтан сауалнама алынып, сұрақтар қойылуда. Жалпы сайлауға келген әрбір азамат әртүрлі көңіл күйде жауап беруде. Әрине бұл әр азаматтың құқығы деп білеміз. Біздің жұмысымыз осы сайлау уақытымен қатар басталды, яғни таңғы сағат 7-ден кешкі сағат сегізге дейін жүреді.