Өзге елде билік құрған және сонда көз жұмған 100 бабамыздың топырағы туған жеріне қойылады

Амангелді ауданында салынып жатқан туристік кешеннің мәдени һәм тарихи маңызы зор.

Бұл жерді Ұлы бабаларға тағзым ететін қасиетті мекенге айналдыру керек. Торғайға барып, орталықтың жобасымен танысқан сенат депуттары осындай пікір айтты.

Амангелді - шалғайдағы шағын ауыл. Осы шағын ауылдың іргесінде ірі жоба жүзеге асып жатыр. Аумағы жеті гектар жерде тарихи әрі ұлттық идеологиялық астары бар, заманауй туристік кешен бой көтереді. Ішінде ерекше үлгідегі 12 нысан болады. Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған алғашқысы күзде ашылған. Өңірге жұмыс сапарымен барған сенат депуттаттары мемориалға арнайы соғып, бабаға тағзым етті. 

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақ халқының бүкіл әлемге тараған перзенттерінің тарихынан мәлімет беретін, сонымен бірге біздің ұлы даланың таризынан мәлімет беретін. Біздің халқымыздыңәдет ғұрыпы менен мәдениетінен, салт-дәстүрінен сонымен бірге бізден шыққан ұлы тұлғалардың өмірінен мәлімет беретін үлкен кешеннің салынып жатқанына біз риза болып отырмыз. Мысалы, біз тұрған мемориалдық кешеннің өзінде осы Торғай өңірінен шыққан қаншама біздің зиялыларымыз, ұлағатты ұстаздарымыз тарихи тұлғаларымыз, батырларымыз бен ерлеріміздің жатқан жерінен топырағын алып келіп отсы жерге сондай қасиетті орынға айналдырып отыр. 

Жобада көпті сүйсіндірген тағы бір нысан мына қабырға. Әлі құрылысы толық аяқталмаған. Келер жылы пайдалануға беріледі. Идея авторы әрі демеушісі Сапар Ысқақовтың айтуынша, бұл «Ұлттық жады қабырғасы». 

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының жетекшісі:

- Бұл ұлттық жады қабырғасы. Орсыша айтқанда стена националной памети. Онда күллі дүине жүзінен біздің әкелген жинаған бабаларымыздың басынан алған дене топырақтары. 46 елден алынды. Өте дүние жүзіне белгілі сол елдердің тағында отырған басқарған, сол елдердің тарихында, мәдениетінде із қалдырған біздің бабаларымыз.

Қабырғаның бір жағына өзге елде билік құрған және сол жатжұртта жерленген 100 бабамыздың топырағы қойылады. Екінші жағына ел ішіне белгілі 100 тұлғаның есімі жазылады. Осылайша бұл жер де қасиетті орынның біріне айналады. 

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әл-Фарбиден бастап, Сұлтан Бейбарсыстан бастап, біздің қазақ халқынан шыққан батырларымыздың қаншама елде өмір сүрып, қаншама елде білім алып, қаншама елде билік жасағаны біздің балаларымыз үшін рухты көтеретін сондай үлкен бір шара болайын деп отыр деп есептейміз. Соның ішінде мына кешеннің өзі жалпы тарихымызға осында кіріп, тарихымызға бір сүңгіп кеткендей болатын бір дүние болайын деп тұр екен.

Туристік кешен Сапар Ысқақовтың туған ауылында бастаған алғашқы жобасы емес. Бұған дейін Амангелді ауданының орталығында балаларға арналған бассейін салып, сыйға тартты. Бүгінге дейін бірнеше рет республикалық жарыс өткізді. 

Досжан Мұхамеджанов, 6-сынып оқушысы:

- Бассейін ашылғаннан бері 1,5 жылдай болды. Мен ашылғаннан бері қатысып жүрмін. Екі рет жарысқа қатыстым. Екеуінен де орындар алдым. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасында чесмпион болғым келеді.

Жабық бассейн салынғалы ауданда спортқа ден қойғандар көбейген. Бүгінде 100-ге тарта бала осында келіп жүзуді үйренеді.

Талғатбек Әбдіқожа