Еліміз қайырымдылық рейтингінде 40-орында тұр

Қазақстан қайырымдылық бойынша халықаралық рейтингте 14 сатыға көтеріліп, 40-орынға жайғасты.

Тізімде ұзын-саны 119 ел бар. Мұны ranking.kz. жариялады. Рейтинг қала тұрғындарына жүргізілген сауалнамалардың нәтижесімен есептеледі. Онда жомарт жандардың ақшалай көмектері мен компаниялардың үлесі ескеріледі. Соңғы екі жылда қайырымдылық ұйымдарының саны 20%-ке өсіп, 1 мыңнан асты. Жәрдем көбіне жетім балаларға және ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндерге беріледі. 

Қазақстан қайырымдылық рейтингінде:

2022 жылы 40-орын

Барлығы 119 ел

Екі жылда қайырымдылық ұйымдарының саны 20% өсіп, 1 мыңнан асты.

Қайырымдылықтың басым бағыттары жетім балаларға (54,31%) және ауыр дертке шалдыққан балаларға (48,8%) көмек көрсету