Заңсыз пиротехника сатқандар айыппұл төлейді

Елде заңсыз пиротехника сатқандарға айыппұл салынады.

Бүгінде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатыр. Нәтижесінде  еліміздегі дүкендерге және өзге де сауда орындарында рейд жүргізіліп, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 75 фактісі анықталды. Сертификатталмаған  бұйымдардың 1850 данасы тәркіленді. Енді оларға 76 мың 575 теңге айыппұл салынады.