Қарағандыда 9 адамды аман алып қалған полицейге төсбелгі табысталды

Қарағандыда  от пен судан және жол апатынан 9 адамды аман алып қалған полицейге «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл марапатын Ішкі істер министрінің қолынан алды. Еске салсақ, Бұқар жырау ауданы полиция бөлімі аға лейтенантының жасаған ерлігі туралы біздің әріптестеріміз арнайы репортаж әзірлеген болатын. Ол жуырда ғана жол көлік апатына түсіп екі аунап тұтана бастаған көліктің ішінен 2 адамды аман алып қалды. Жазда суға батып бара жатқан екі әйелдің өміріне тағы да араша түскен. Ал, 2018 жылы отқа оранған үйдің ішінен 5 баланы дін аман алып шықты. Медет ішкі істер органдарында 16 жыл жұмыс істеп келе жатқан ержүрек маман екенін атап өткен жөн. Ол бұл ерліктерінің барлығын жұмыстан тыс уақытта жасаған.   

Медет Асқаров, Бұқар жырау аудандық ПБ аға лейтинанты:

-ІІО-да жұмыс істеген соң сол халыққа қызмет жасап, көмек жасап қолдан келгенше дегендей. Өзімді батыр деп санамаймын. Мен әр азамат бір-біріне көмектесу керек деп ойлаймын. Көмектесуге  тырысу керек.  Халық үшін жұмыс істеу керек.