Конституциялық соттың судьялары тағайындалды

Елімізде жаңадан құрылған Конституциялық соттың судьялары қызметіне Ерлан Сәрсенбаев, Асан Ескендіров және Айгүл Қыдырбаева тағайындалды.

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында мәлім болды. Аталған 3 азаматтың кандидатурасы алдын ала Конституциялық заңнама Сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланған болатын. Енді судьялар қызметтеріне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.