Петропавл тұрғыны үйінде тотықұстарды өсіреді

Петропавл тұрғыны үйінде тотықұс өсіреді.

Және бұл алдам бірді-екілі емес, түрлі тұқымды 50-ге жуық құс ұстайды.

Әрине түр-тұрпаты бөлек бөлме қанаттыларына ерекше күтім керек. 

Бұл Андрей Швецовтің күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, бір сәтке демалатын орыны. Ол осыдан 12 жыл бұрын өзіне таңсық шаруаға ден қойды. Бәрі бір бөлмеден басталған. Ал, қазір оның ескі үйінде тотықұстар ғана тұрады.  

Артём Швецов, қала тұрғыны:

- Бәрі бір жұптан басталды. Сосын екеу болып көбейді. Қазір міне осынша тотықұсым бар. Оларды өсіру қиын емес. Ең бастысы, су мен тамағын уақытында беріп тұру керек. Тағы бұлар тазалықты жақсы көреді. 

Таранып, сыланып-сипалып тұрған тотықұстар бірінен бірі өткен әдемі. Қазір оның қолында бұйра, көрмелік, сайрауық, сақиналы секілді Үндістан, Автралия, тіпті Саваннаны мекендейтін тотықұстар бар. Ал мына біреуі Яша. 

Артём Швецов, қала тұрғыны:

- Қазір ол айнаға қарап өз-өзімен сөйлесіп жатыр. Арасында менің атымды айтады. Яша өте ақылды құс. Ол бізге жақын болып кетті. 

Андрей Швецов Петропавлдағы тотықұс өсіретін бірен-саран адамның бірі. Енді ол оның түр-тұрпаты бөлек жаңа тұқымын шығаруды ойластырып жүр. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков