Қарағанды облысында 202 адам қар құрсауынан құтқарылды

Қарағанды облысында 202 адам қар құрсауынан құтқарылды

Қарағанды облысында 202 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның 43-і бала.

Өткен түнде өңірдің 7 ауданындағы 9 жол учаскесінде 80 жеңіл көлік тұрып қалған. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жетіп, далада қалған жолаушыларды түгелдей қауіпсіз жерге апарды. Зардап шеккендер жоқ. Ал Ақтау елдімекенінен, 3 жүкті келіншек Теміртаудағы перзентханаға жеткізілген. Кеше басталған ақтүтек боран, әлі де басылар емес. Қазір барлық бағыттағы жолдар жабық. 

Нұржан Жақатаев, Төтенше жағдайды жою басқармасының басшысы:

- Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта ауа-райы жағдайының нашарлауына байланысты қар, бұрқасын, екпінді жел, көрінудің шектелуінен республикалық маңызы бар тас жолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысы жабылды. Автожолдардың жабық учаскелерінде бекеттер ұйымдастырылды.