А. Құспан: Азаматтардың конституциялық құқығы бұзылды

Қаңтар оқиғасын тергеу барысында кейбір өңірлерде азаматтардың конституциялық құқықтарына қарсы диверсиялық сипаттағы іс-әрекеттер орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оңтүстік облыстардың бірінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін айыпталған азаматты азаптап, ұрып-соғып, арқасына үтік басу, тырнақ астына ине тығу туралы ақпарат тексерілді. Комиссияның араласуынан кейін ол азаматтың жазасын өзгерту туралы талап қойылып, кінәлілер жауапқа тартылды. Қазіргі таңда айыпталушы босатылды, - деді Абзал Құспан. Оның айтуынша, «Аманат» қоғамдық комиссиясы бірқатар өңірдегі құқық қорғау органдары басшыларының қаңтар оқиғаларын объективті тергеу туралы Президент тапсырмасын орындамау фактілерін әшкере етті. Жалпы комиссия қылмыстық істер бойынша қамалған 1600-дей адамның 600-ге жуығының бас шарасын өзгертуге тікелей ықпал еткен.

Айта кетейік, «Аманат» комиссиясының құрамына адвокаттар мен құқық қорғаушылар, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.