Екібастұзда қайтадан жылу қазандықтары істен шықты

Бүгін түнде Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы апат болып, бірнеше қазандық істен шықты.

Осыған байланысты тұрғын үйлерге берілетін жылу көлемі күрт азайған. Таңертең екі агрегатор іске қосылды. Бірақ бұл үйлерді толыққанды жылытуға жеткіліксіз. Алайда жауапты мекеме жақын арада жағдай реттеледі деп сендірді. Сондай-ақ, жылу энергиясының төлемі қайта есептеледі.

Вадим Лесин, "Павлодарэнерго" АҚ директорының міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кешке тағы бір қазандықты іске қосу жоспарда бар.