Еліміздің бірнеше облыстарында трассалар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді.

Атап айтқанда, Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында республикалық трассалар жабылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Салдарынан аймақтағы жергілікті үш бірдей жол бөлігін  көлемі 3,5 мың текше метрдей қар басып қалған. Бұл «Алтай - Богатырево», «Алтай-Путинцево» бағыттары. Қар көшкінінен зардап шеккендер жоқ Дегенмен төтеншеліктер, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарын қарлы беткейлерге шықпау және таулы аймақтардың жанынан өтпеуге шақырады. Сондай-ақ барлық қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді. Өңірде бірнеше күн бойы көшкін қаупі сақталады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Омар Дүзгімбаев, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ШҚ» филиалының басшысы: 

- Шығыс Қазақстан облысы қар көшкіні түсетін аймақ болып табылады. Облыс көлемінде 497 қар көшкіні түсетін ошақтар бар. Оның 325 қауіпті. Бүгінгі күні Қазсельден қорғау мамандары және ТЖД бірлесе отырып, профилактикалық жұмыс жүргізілді. Қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді. 70 мыңнан аса текше метр қаш көшкіні құлатылып түсірілді.