СҚО-да ақтүтек боран саршұнақ аязға ұласты

Қыс қаһарына мінді! Солтүстік Қазақстан облысында ақтүтек боран саршұнақ аязға ұласты.

Бүгін таңертең сынап бағанасы – 30 градусқа дейін төмендеп кетті. Ауа – райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланып, автобус және дизельмен жүретін көлік түрлеріне шектеу қойылды. Коммуналдық қызмет мамандарына да дамыл жоқ. Қазір олар 9 ауданда қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді. Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең де аяз болады.

Владимир Хутинаев, ТЖД басқармасының бастығы:

- Өңірде 50-ден аса жылыу орындары ұйымдастырылды. Олар мектеп, мәдениет үйі мен жол бойындағы дәмханалар. Күннің күрт суытуына байланысты төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.