Еліміздің басым бөлігін аяз қысып тұр

Алматыда қар толассыз жауып жатыр.

Синоптиктердің болжауынша, қалада қалың қар жауып, ауа температурасы түнде -18, күндіз -15 градусқа дейін төмендейді. Қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жетісу облысында боран соғып, желдің екпіні секундына 14 метрге жетеді. Жалпы, еліміздің басым бөлігін аяз қысады. Астанада сынап бағанасы күндіз 28-30 градусқа дейін төмендейді. Ақмола өңірінің кей бөлігінде -35 градус болады. Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл өңірінің оңтүстігінде қатты қар жауады. Таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын тұрады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 20-25 градус суық болады. Қостанай, Солтүстік өңірлердің кей аудандарында  температура бағамы күндіз 36 градусқа дейін төмендейді.