Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде қалдырды.

Бұған инфляциялық болжамдардың орындалуы себеп болған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жылдық мән 20,3%-ды құрады. Әсіресе азық-түлік пен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы, ең жоғары өсімді көрсеткен. Тұрғын үйді жалдау құны төмендеді, бірақ ақылы қызметтер инфляциясы өзгеріссіз қалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдегі рецессия тәуе-келдері экспорт, логистика сынды көп салада, оң болжам жасауды қиын-датқанын айтады. Десе де еліміздің бас банкі, базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындағанын мәлімдеді. Ал келесі шешім 24 ақпанда жарияланады.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын ұстануды жалғастырады. Биыл инфляциялық қысымның төмендеуін күтеміз. Оған 2022 база лық мөлшерді көтерудің оң әсер ететін болады. Біздің 2023 жылғы негізгі міндетіміз инфляцияны тұрақты түрде төмендету, нысаналы бағдар деңгейіне қайтару.