5 млн га жер мемлекет иелігіне қайтарылды

Елде 183 млн гектар жайылымдық жер бар. Алайда тағы 8 млн гектар жер жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер тапшылығы әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы, Атырау облыстарында басым. Бұл мал басының көбеюімен байланысты. Өкінішке қарай, пайдаланылып жатқан жердің сапасын бұзған шаруалар да бар, - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. Үкімет отырысында берген есебінде ол бүгінде 30 млн гектар жер бүлініп, жарамсыз күйге түскенін айтты. Сала басшысы жерді жерді цифрландыру мәселесінің маңыздылығына тоқталды. Келесі жылы цифрлық картаны құру аяқталады.

Айта кетейік, өткен жылы пайдаланылмай жатқан және заңсыз игерілген 5 млн гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Алдағы уақытта тағы осындай 5 млн гектарды кері алу жоспарда бар.