Қонаев қаласының автопаркі су жаңа автобустармен толықты

Жапондық маркалы 8 автобус дизель отынымен жүреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін қаладағы қоғамдық көліктер 10 жыл бұрын жаңартылған еді. Жаңа автобустардың әрқайсысы 22,5 млн теңге тұрады. Тасымалдаушы компания оларды несиеге сатып алды. Ал қала әкімдігі сатып алу шығынын субсидиялайды. Жалпы қала бойынша 6 автобус бағыты бар. Күн сайын жолға шыққан қоғамдық көліктер 9 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды. Зейнеткерлер мен студенттер үшін жол ақысы – 50, ал ересектерге «Оңай» төлем жүйесі арқылы – 80 теңге. «Жаңа автобустардың келуімен автопарк жұмысы жақсарады. Қаладағы «Шығыс» және 12-ші ықшам аудан бағытындағы қатынас жанданады, - дейді автопарк басшылығы. 

Біржан Шымшықов, жолаушы тасымалдаушы компанияның директоры:

- Мемлекеттік нөмірін алуға бармыз. Ертең ішіне электронды электронды төлем жүйесін жасайды. Нөмірін, құдай бұйыртса, алып келсек, бұл көліктер дүйсенбі жұмысқа шығып қалады.