Шымкетте ұлттық парк басшысы күдікке ілінді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары жемқорлық әрекеттерге барды деген күдікке ілінді.

Атап айтқанда Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп басқармасының басшысына қатысты алдау, сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.