Павлодарда колония ғимараты сатылымға шығарылды

Ертіс өңірінде ерекше режимдегі түзеу мекемесінің ғимараты сатылымға шығарылды.

Халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс нысанның реконсрукциясына кезінде 4 млрд теңге бөлінген. Дегенмен колония сол беті іске қосылмаған. Қазіргі уақытта 12 гектарлық аумақ қаңырап бос тұр, ал ғимараттың қабырғалары мен төбесі ғана қалған. Нысан бұған дейін де 2017 жылы сатылымға қойылған болатын. Алайда жер телімдері мен ғимаратты сатып алушылар табылмады. Оған қоса, пандемия салдарынан жұмыс тұралады. Мамандардың айтуынша,  кешен енді 11 бөлікке бөлініп, жеке-жеке сатылмақ. Ең арзаны 9 млн. теңге, ал ең қымбаты 1 млрд теңге тұрады. Нысан бизнес ортаға беріледі деген болжам бар. Себебі, өнеркәсіптік аумаққа жақын орналасқан.

Ғалымбек Рахимов, қалалық сатып алулар және мемлекеттік активтер бөлімінің маманы:

- Нысан бізге инженерлік-коммуникациясыз берілді. Осыған байланысты күтіп-ұстауға бюджеттік қаржы кетпейді. Тек күзетуге қаражат бөлінеді. Мәселен, былтыр бұл мақсатқа 2 млн 100 мың бөлінсе, биыл шамамен 3 млн теңге жұмсалмақ. Өткен жылы екінші сауда-саттық өтті. Бірақ, өтініштер түскен жоқ.