Абай облысына қарасты 20 ауылға интернет тартылады

Абай облысының шалғайдағы елді мекендеріне ғаламтор желісі орнатылып жатыр.

Бүгінде 115 ауылға, ан-тенна арқылы интернет таратылып отыр. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бұл жұмыс биыл да жалғасады. 2023 жылы жиырмадан астам елдімекенді ғаламтор желісіне қосу жоспарланған. Ал Бесқарағай ауданындағы 300-ден астам тұрғыны бар Қара-мырза ауылына интернет жуырда ғана берілді.

Гүлнар Арынғазықызы, Қарамырза ауылының тұрғыны: 

- Қазір интернетті емін-еркін пайдаланып жатырмыз. Жақсы болды. Бұрын бір ғана электронды анықтама алу үшін көрші ауылдарға баратынбыз. Әсіресе оқушыларға қиын болған еді.

Алмас Тастенбеков, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

- Ауданда 28 елді мекен бар. Үш елді мекенге интернет тартылмаған. Биыл Башкөл, Лесхоз, Қоянбай ауылдарына антенна діңгекті құрылғы қою үшін сметалық жоба әзірленді. Бюджеттік өтінім тапсырылды.