Қарағандыда 113 адам жәрмеңкеден жұмыс тапты

Қарағандыда өткен екі сағаттық еңбек жәрмеңкесінде 113 адам жұмыс тауып, тиісті келісім-шартқа отырды.

Тағы 500-ден астамы сауалнама толтырып қалдырған. Бұл күні өңірдегі 44 мекеме тұрғындарға 700-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында өндіріс ошақтары, ірі компаниялар, халыққа қызмет көрсету орындары және мемлекеттік мекемелер бар. Бұл жолы слесарь, дәнекерлеуші, сантехник секілді орта буын мамандарға сұраныс өте жоғары болды. Сонымен қатар инженер, мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлер жетіспейді. Құрылысшы мен сылақшылар да тапшы. 

Нұрхат Оспанбай, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Инженер жұмысына өзімді ұсынып жатырмын. Резюмемді қалдырдым көп компанияларға. Көбісі айтып жатыр, дүйсенді, сейсенбі звандап жауабын айтамыз, сізді шақырамыз деп. Жалақылары көңілден шығады, иә. Жұмыс таппай жүрген жастарға көп көмек.    

Елжас Санақов, Политехникалық колледж оқытушысы:

- Мен колледжденмін, оқушыларымызды алып келдік осында. Жұмыс орыны жеткілікті. Табуға болады. Жалақылары жақсы. Талпыныс болса болды ғой балаларда. Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс табылады. 200-300-ден басталатын бағалар көрсетілген.