Алматы облысында жаңа автобус бағыттары ашылды

Алматыға жиі қатынайтын облыс тұрғындары үшін қосымша 10 автобус маршруты ашылады. Мегаполис айналасында елді мекен көп. Алайда қоғамдық көлік мүлдем бармайтын ауылдар бар. Былтыр Президент жыл соңында осы мәселені көтеріп, облыс басшылығына тапсырма берген еді. Тапсырманы орындау мақсатында Іле ауданы мен Қонаев қаласының автопаркі автобустармен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Өткен айдан бері Қонаев қаласында су жаңа автобустар жүре бастады. Жаңа автобустардың жолға шығуымен бұрын уақытша тоқтап қалған  3 және 8-ші маршруттар қайта жанданды. Бұл бағыттағы автобустар «Шығыс» ықшамауданы мен «Арна» ауалына жүреді. Сол арқылы қалаға бірнеше шақырымнан қатынайтын жолаушылардың барыс-келісі жеңілдеген.

- Рақмет. Таза автобустарды жіберіп жатыр. Халқымыз риза. Бірақ енді кішкене тарлау. Оқышулырамыз бар.

- Мен бірінші рет мініп тұрмын. Жақсы, жылы.

Бұған дейін қаладағы автопарк 4 жыл бұрын жаңартылған еді. Жапанондық маркалы 8 автобусты тасылдаушы компания несиеге алған. Бүгіннен бастап Шеңгелді, Сарыбұлақ, Кербұлақ, Заречный ауалдарына да қоғамдық көлік қатынай бастады. Компания басшылығының айтуынша, автопаркте әлі де ескі автобустар бар. Оларды да жаңалау керек. Жалпы, күн сайын жолға шыққан қоғамдық көліктер 9 мың жолаушы тасымалдайды.

Біржан Шымшықов, жолаушы тасымалдаушы компанияның басшысы:

- Енді жаңа автобустарды күзге таман көреміз. Қазіргі қалаға автобус жетіп жатыр. Біздің қалаға. Болашақта қала өсіп жатыр ғой. 8-10-шы шағын ауданға үйлер салып жатыр. Мектеп ашып жатыр. Сол уақытта қосатын шығармыз автобустарды.

Қоғамдық көлік мәселесі – Алматы қаласымен іргелес орналасқан аудандар үшін де негізгі мәселе. Алматыға барып жұмыс істейтін халық көп. Бірақ автобус жоқ. Іле ауданындағы елді мекендер арасында автобус жүргузі шаруасы әлі біткен жоқ. Бұған дейін Алматыдан келген автобустар жөнделіп бітпеген. Жалпы облыста жолаушылар тасымалымен айналысатын 8 компания бар. Бірақ олар ауданарылық маршруттарға бармайды. Өйткені жол шығынын ақтамайды. Ал қала мен ауыл арасындағы барыс-келісті реттеу үшін әлі 35 елді мекен қамтылу керек. Бұл мақсатта жуырда облыста  муниципалды автопарк құру шешімі қабылданды.

Алмас Батанов, облыстық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Біздің мақсатымыз шалғай ауылдарды сыртта маршрутсыз, автобуссыз қалдырмау. Сондай муниципалды парк ашқан болатынбыз. Егер ол жақа жеке кәсіпкерлер, тасымалдаушылар бармайтын болса, біз муниципалды автопаркті сол маршруттарға жүргізетін боламыз.

Алмас Садуақас, тілші:

- Ауылдық аймақ тұрғындарының Алматыға барыс-келісін реттеу үшін облыс аумағында қосымша 10 автобус маршрутын ашу көзделіп отыр. Бұл жоспар әзірге Қарасай, Жамбыл, Іле мен Талғар аудандарын қамтиды. Муниципалды парк жұмысы басталса қала аралық, ауаданаралық жолаушылар тасымалына 20 елді мекен қосылады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев.