ШҚО-да 250 мың текше метр қар түсірілді

Елімізде қар көшкіні қаупі жоғары 800 ошақтың, 500-ге жуығы Шығыс Қазақстанда орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өлкеде жағдай күрделі, өйткені тау шат-қалындағы ақ ұлпаның қалыңдығы 2 метрге жуықтайды. Бұл әсіресе жолаушыларға үлкен қауіп төндіреді. Қазір көшкін жүруі ықтимал деген 20 бағыт белгіленіп, ондағы жағдай толық бақылауға алынды. Оның ішінде Өскемен-Таулы Үлбі, Өскемен-Алтай, Өскемен-Самар бағыты басты назарда. Дәл осы облыстық маңыздағы қатынас жолдары, тау ішімен өтеді. Мамандар хабарлама таратып, жарылғыш заттар арқылы 250 мың текше метр қарды етекке түсірді. Құтқарушылар тұрғындарға аса сақ болуды ескертіп, дабылды ақпараттарға мән беруге шақырады.

Омар Дүзгінбаев, «Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының басшысы:

- 160 қар өлшегіш таяқшалар тұр, бұл таяқшалар бойынша бақылаушылар күнделікті мәліметтелерді беріп отырады, егер ол өз мәресінен асқан жағдайда біз алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. 2013 жылы осындай қар қалың жауған. Мынау 10 жылдан кейін қайталанып отыр, биылғы жылы қыс күрделі болып тұр. Сол себепті жылдың басынан 60 алдын алу жұмыстары жүргізілген.