Шымкенттегі «сақалды құрылыс» бақылауға алынады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Шымкенттегі құрылысы ұзаққа созылған нысандарды тексеруге кірісті.

Құзіретті органның хабарлауынша, мегаполисте мұндай 15 нысан бар. Орталық стадион, суару каналы, көп қабатты тұрғын үйлер мен индустриалды аймаққа арналған инфрақұрылым және жаңа шағын аудандардағы инженерлік желілерде пайдалануға берілмеген. Енді сыбайлас жемқорлықпен күресушілер тергеу жүргізіп нысандардың сақалды құрлысқа айналудың себебін анықтауы тиіс. Әзірге кәріз жүйесі «қара» тізімнің көшін бастап тұр. Шаһардағы аудандарға қажетті желіні тарту үшін жергілікті билікпен бірлесіп жұмыс істеу керек, дейді мамандар.

Жандос Жұмабаев, ҚР ҚР СЖҚІҚА департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Басты проблемалық сұрақтар бұл: нарықтағы құрылыс заттарының қымбаттауы және осы конкурсқа қатысқан кәсіпкерлердің өзара келіспеуі, соттарға өздерінің арыз-шағымдарын келтіріп, жан-жақты жұмысты қаралауы. Департамент өз тарапынан тиісті жұмыстарды аса қатаң бақылауға алып, жұмысты ары қарай жалғатсыратын боламыз.