Ұлытау облысында 30 мыңға жуық адам медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген

Ұлытау облысында 30 мыңға жуық азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген.

Олардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлік нысандарында және азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша еңбек ететіндер. Сақтандыру төлемін уақытылы жасамаған жауапсыз жұмыс берушілердің кесірінен 7 мыңнан астам жұмысшы тегін медициналық көмектен қағылып отыр. Осыған орай сақтандыру қорының облыстағы филиалы азаматтардың құқығын қорғау мақсатында өңірлік штаб құрды. Әкімдіктермен және еңбек инспекциясымен бірлесе жұмыс берушілер арасында міндетті сақтандыру бойынша заң талаптарын түсіндіруде.

Абылайхан Рахымов, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Ұлытау облыстық филиалық директорының орынбасары:

- Кірістер департаменті уақытында төлеткізуге өз құзыретінде камералық бақылау бар, басқа да өзінің заңдылық талаптарына сәйкес жұмыстарын жүргізу қолға алды қазіргі таңда. Ал біздің әлеуметтік сақтандыру қорының облыстық филиалы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.