ШҚО-да ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылды

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтағы трассаларында ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды.

Әсіресе тіркемеге шамадан тыс жүк тиеп, серпантинге шығуға болмайды. Былтыр көлігіне  мөлшерден артық жүк тиеп, талапты бұзған 440 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 14 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Мәселен Өскемен-Алтай, Өскемен- Қалбатау-Семей трассалары бірнеше кен орнына алып барады. Сондықтан тіркемесіне асыра жүк тиеген ауыр техника да көп қатынайды. Соның салдарынан 15 жылға шыдайтын жол төсемі бір-екі жыл ішінде тозып кетеді.

Антон Князев, қоғам белсендісі:

- Жүк көліктері өте көп. Біреулер жолды жөндеп жатса, олар екінші жақтан бүлдіріп жатады. Сондықтан жүк көлік жүргізушілеріне қатысты жауапкершілікті күшейту керек деп ойлаймын.

Айдос Қабылбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының инженері​:

- Күрделі жөндеулерден кейін немесе қайта жаңартудан кейін 15-16 жыл болатын болса,ауыр жүк көліктерінің көп болуына байланысты шамадан тыс тиеген жағдайда жүкті, ол 15-16 жылға жетпей ерте бұзулына әкеп соғады.