Ақмола облысына Тәжікстаннан көкөніс жеткізіледі

Ақмола облысына Тәжікстаннан төмендетілген бағада бірнеше көкөніс түрі жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос тарап өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тауардың алғашқы легі сәуір айында келеді деп күтіліп отыр. Әсіресе аймақта сәбіз, қырыққабат, картопқа сұраныс жоғары. Жалпы, жергілікті сала мамандары жыл басында Тәжікстанға арнайы барған. Ондағы диқандармен кездесіп, келіссөздер жүргізген. Ал алдағы айда жасалатын сапарда көкөніс көлемі мен бағасы нақтыланбақ.

Саят Сыздықов, «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы:

- Қазіргі уақытта біз көлемдерді белгіліп жатырмыз. Өйткені Тәжікстандағы әріптестеріміз соған қарап, бағаларды шығарамыз деп жатыр. Бұл жоспар бойынша 2 ай ғана бізге керегі. Яғни, сәуір және мамыр. Бұл кезде бізде болмайды. Одан кейін Өзбекстанның көкөнісі піседі. Логистика бойынша бізге жақын. Кейін оңтүстік облыстардан аламыз.