Абай облысында түзеу мекемесі өнеркәсіп орнына айналды

Абай облысында түзеу мекемесі өнеркәсіп орнына айналды. Колония аумағында шырын, сабын, жиһаз және тағы басқа өнім шығаратын 13 кәсіпорын жұмыс істейді.

Оған сотталған 186 азамат тартылған. Бәрі жалақы алады. Түзеу мекемесінің өкілдері абақтыда жұмыс істегісі келетіндердің көп екенін айтады.

Елдар Сәрсенбин, сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы:

- Біздің нөмірі 19 мекемеде сотталғандар саны 354 адам. Өндіріс орындарына кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сотталғандарды жұмысқа орналастыруды жалғастырамыз. Біздің штатта 7 адам бар. Кір сабын шығарамыз. Шикізат Өскеменнен келеді. Сабын жасау шамамен 10-12 сағатты алады. Бір ауысымда 1300-ге жуық өнім өндіреміз.