Елордалық балабақшалар тәрбие жұмыстарын дамытуға бағытталған экспериментті аяқтады

Осыдан 3 жыл бұрын мектепке дейінгі мекемелер балаларды оқытудың түрлі бағытын сынап, ойлау қабілетін дамытатын тың тәсілдер іздеуді бастаған. Енді осы жұмыстардың нәтижелері шыға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – №49 балабақша. Мұнда 3 жылдық жұмыс қорытындыланды. Тәрбиелеушілер баланың өзімен ғана емес, ата-анасымен де тығыз байланыста болу керек дейді. Олар «көрінбейтін қол» арқылы тәрбиелеу тетігінің тиімді болғанын айтады. Сондай-ақ осындай зерттеу жұмыстарын жиі өткізуге ниетті.

Венера Каренеева, №49 «Алтынай» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы:

- Экперимент – әр баланың креативтілігін дамыту. Өзі айтып тұр, кретив. Яғни, жаңаша үн қосу, жаңаша бағытта баланың жүргеінен орын табу. Экперимент қортындысы бойынша, әр балаға жекеше көзқараспен қарау, ата-анасын «көрінбейтін қол» арқылы тәрбиелеу, бұл жерде балаларды қызыға отырып, ойната отырып, қызығушылығын арттырып, мектепке, үлкен ортаға дайындау.