Музыкант Darkhan Juzz шетелде опат болған

Музыкант Darkhan Juzz шетелде опат болған

Танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Таиланд полициясының мәліметінше, 24 ақпанда Пхукет аралында қайтыс болды. Біздің Дархан Жүнісбеков жалдамалы мопедпен жол апатына түскен.

Darkhan Juzz деген атпен танылған музыкант 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген еді. Ол рэп орындаушысы, әндердің авторы және дыбыстық продюсер еді. Мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан өзінің инстаграм парақшасында музыканттың қазасына байланысты қайғырып көңіл айтты. «Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды. Еліне бергенінен берері көп, қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!», - делінген жазбада.