Ұлытау облысында су басу қаупі бар елді мекендер анықталды

Ұлытау облысында су басу қаупі бар 30-ға жуық елді мекен анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір өңірде көктемгі су тасқынына әзірлік қарқынды жүріп жатыр. Мамандар аумақтарды тікұшақпен барлап шықты.  Жезқазған мен Қаражал қалалары маңындағы қауіпті учаскелер мен Жаңаарқа ауданы су қоймасындағы бөгеттердің жарамдылығы тексерілді. Әуеден барлау шарасының қорытындысы бойынша, Қаражал қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Күн күрт жылынса, Қаражал маңындағы Шалғия кенті мен Ақтай ауылына қарғын судан қауіп бар. Сондықтан күшейтілген жұмыс режиміне көшкен төтеншеліктер арықтарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап қойған.