loader


Өскеменде тасқынға қарсы әзірлік күшейтілді

Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қаланың ең қауіпті деген шеткі аудандарын аралауға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені ауладағы қарды шығарып, маңайдағы арықты таза ұстауға, ең алдымен,  жергілікті тұрғындар жауапты. Сонымен қатар қала ішінде Үлбі, Маховка сынды өзендерің сағасын бекіту, арнасын кеңейту сынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Техникалар да дайын. Ең қажетті құралдардың бірі – мотопомполардың жартысы жаңартылды. Олар қарғын су қаупі мол аудандарға таратылады. Сонымен қатар инертті материалдарды жеткілікті мөлшерде жинақтауға ерекше басымдық беріліп отыр. Шаһарда 11 учаскені су басу қаупі бар.  

Қаныш Мұқажанов, қала әкімінің бас инспекторы:

- Жер тоңы аса көп емес, бір жағынан. Екінші жағынан, ақпан аяғы кішкене жылынды, кішкене су жүріп, өз жолдарын тапты. Екінші еру енді сол жолдармен кетеді деп отырмыз.

Сондай-ақ...