Ақтау қаласының әкімі 172 500 теңге айыппұл төледі

Маңғыстау облыстық әкімшілік сотының мәліметінше, жеке мекеме өкілі жер телімі құжаттарын рәсімдеуге қатысты қала басшысы Ербол Ізбергеновтің шешіміне наразылық танытқан.

Арызды қараған судья әкімнің әрекетін заңсыз деп тауып, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы 1 ай ішінде шешім қабылдауға міндеттеді. Алайда әкім соттың талабына құлақ аспаған. Шенеунікке 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілді. Аталған арызға байланысты әкімнің шешім шығаруына уақыт берілді. 

Мұхит Мұқашев, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:

- 5-10 жұмыс күні ішінде жаңағы орындалмаған сот шешімін толықтай орындауға міндетті. Егер осы 10 күннің ішінде орындамаса, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша салынады тағы да. Яғни, 60 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылады.