Түркия мен Сирияға барған ұшқыштар марапатталды

Түркия мен Сирияға жіберілген гуманитарлық көмекті тасымалдауға қатысқан ұшқыштар марапатталды.

Президент жарлығымен ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік наградалар табыс етілді. Олар ақпан айының басында болған жер сілкінісінің салдарын жою мен қазақстандықтар жинап берген заттарды жеткізу үшін қауіпті аймақтарға 6 әуе рейсін жасады. Өзінің жауынгерлік міндетін мінсіз орындағандардың бірі - Құрманғали Топанов. Ол екінші дәрежелі "Айбын" орденін алды.

Құрманғали Топанов, ҚР ҰҰ 3556 ӘБ авиациялық жасағының кеме командирі:

- Біз Сирия Араб Республикасына 10 және 15 ақпан аралығында 4 рейс жасадық гуманитарлық көмек ретінде. Негізігі біздің күнделікті жұмысымыз осы ешқандай басқа қиындық болмады деп есептеймін. Бәріміз әскери адам болғасын айтылған істі орындауға тырысамыз.