Өскеменде алғаш рет сәнқойлар кеші өтті

Көрермендер назарына 20-дан астам ерекше  киім үлгісі ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

8 наурыз мерекесіне орай өткізілген кештің негізгі мақсаты – тек мегаполистердің емес, шағын шаһардың да сән әлеміне қосар үлесін насихаттау. Шоуды ұйымдастырушылар өзге қалалар да фэшн индустриядан қалыспау керек деп санайды. Өскемендіктердің де сән әлеміне өзіндік үлес қосқанын қалайды. Дизайнерлердің көктемгі жиынтығында іскерлік киімдермен қатар жеңіл көйлек, белдемше сынды романтикалық кездесулерге арналған үлгілер бірден көзге түседі.

Бахытжан Құдышева, ұйымдастырушы:

- Шағын қалаларда өмір қайнап жатыр. Мұнндағы тұрғындар сән үлгісінен құр алақан емес. Әйелдер қауымы әсіресе бәріне ерекше назар аударатыны белгілі. Сондықтан осы бағытты дамытқым келеді.