Елде интернет алаяқтары азаймай тұр

Алматылық тұрғыннан SIM-box құрылғысы және түрлі мобильді байланыс операторларының мыңдаған SIM-картасы тәркіленді.

Күдікті осы техниканың көмегімен интернетте алаяқтық жасаған. Полицияға күдіктіні қолға түсіруге елдегі ұялы байланыс операторларының қауіпсіздік қызметі  көмектесті. Соның нәтижесінде алаяқтың қазақстандық SIM карталарды жаппай тіркеп, заңсыз түрде  шетелдік сайттарға сатып жүргені анықталды. Ұялы байланыс операторлары осы жағдайға байланысты алаңдаушылықтарын білдіріп, бақылауды күшейтуді және SIM-box автоматтарын елге әкелмеуді сұрап отыр

Полицияның мәліметінше, Алматыдағы күдікті тұрған пәтерді тінту барысында SIM-box құрылғысының 12 данасы, SIM-карта салуға арналған 432 слот және SIM-Bank табылған. Осы бір ғана құрылғы арқылы алаяқ айына шамамен 300 мың теңгедей табыс тауып отырған. Бұл заңсыз іспен ол 2019-шы жылдан бері айналысып келеді екен.

Жедел уәкіл:

- Бұл құрлығыны күдікті ақша тауып баю мақсатында пайдаланған. Яғни, сим-карталарды сатып алып, SIM-қорапқа орнатып, кейін арнайы сайтқа тіркеледі. Сайт виртуалды SMS-терді жолдауға арналған.

Полиция елде мұндай техникалық базасы бар интернет-алаяқтардың көп екенін растап отыр. Бірақ қылмыс жасалмай тұрып, оларды анықтау мүмкін емес- дейді. Ал ұялы байланыс операторларының пайымдауынша, мұндай SIM-box машиналарының жұмысын шектейтін немесе тыйым салатын заңнамалық нормалардың болуына қарамастан, елде оларды анықтау тәжірибесі жеткілікті түрде дамымаған.

Данияр Оржанов, Ұялы байланыс компаниясының экономикалық қауіпсіздік сарапшысы:

- Осы жабдықпен жұмысты ұйымдастыратын кез келген адам  желі иелерімен теңестірілуі керек екенін атап өткім келеді. Ал желі иелері өз жұмысын қатаң түрде Байланыс туралы заңға сәйкес құрып, заң талаптарын, оның ішінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігі саласындағы талаптарын орындауы тиіс.

«Интернет-алаяқтарының саны жыл сайын көбеймесе азаймай тұр. Осындай заңсыз әркеттердің салдарынан айына 1 млрд теңгеден астам шығын келеді»,-дейді мамандар.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Ғафу Уәли, Әбен Нарынбаев