Елдің шығысында катодты мыс өндіретін ірі зауыт салынады

Елдің шығысында катодты мыс өндіретін ірі зауыт салынады.

Жоспар бойынша кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 300 мың тонна болмақ. Бұл жайында бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Жоба шетелдік инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға, сондай-ақ 1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте Үкімет басшысы жауапты мемлекеттік органдарға инвесторлармен белсенді жұмыс істеуді тапсырды.