Іле Алатауы ұлттық паркіндегі жолды қалың қар басып қалды

«Іле Алатауы ұлттық паркінде орналасқан Есік көліне барар жолды қар басты. Ақ ұлпаның көлемі 175 текше метрді құрады», деп хабарлады «Қазселденқорғау» мекемесінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Күннің жылынуына байланысты тауда лай көшкіні болу қаупі бар. Қазір «Қазселденқорғау» мекемесінен 2адам, ұлттық парктен 5 адам Есік көлі маңында қар тазалау жұмысын атқарып жатыр. Алайда жолдың жабылуына байланысты олар бергі бетке көлікпен өте алмайды. Ал жолды қардан тазарту жұмыстары қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірге дейін туристерге Есік көліне баруға рұқсат жоқ.