Мемлекеттік қызметкерді нормадан артық жұмысқа жеккен лауазымды тұлға айыппұл төлейді

Мемлекеттік қызметкерді белгіленген нормадан артық жұмысқа жеккен лауазымды тұлға 40 айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты. Мұндай заң бұзушылық байқалса, тексеріс жүргізіледі. Алғашқыда ескерту берілуі мүмкін. Оған көнбесе басшылық қызметтегі лауазым иесі шамамен 138 мың теңге айыппұл төлейді. 

Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі таңда осы бапты агенттік және оның аумақтық департаменттері қолдануға бізге құзыреттілік беріп отыр. Оған қоса агенттіктің қолданыстағы функцияларының қатарына жалпы артық жұмыс жасау мәселесіне қатысты мониторинг жүргізу функциясы беріліп отыр. Сол мониторинг аясында негізгі мақсат іске асатын болады. Егер мониторинг аясында осындай фактілер белгілі болса ол тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға негіз болады.