Семейде жаңа автобустар жолға шықты

Жыл соңына дейін Семейде 60 жаңа автобус жолға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бесеуі 8 наурыздан бастап жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Қоғамдық көлікке 80 адамға дейін сыяды.

Қаладағы автобус санын арттыру мәселесін тұрғындар бұған дейін бірнеше рет көтерген еді. Жақында жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын 12 автобус сатып алды.

Айжан Жұманова, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Қала тұрғындары автобустардың сапасына жиі шағымданады. Қоғамдық көліктердің жаңасына қол жеткізу арқылы бұл мәселені біртіндеп шешеміз деп ойлаймын. Жыл соңына дейін шағын, орта және үлкен класты 60 автобус сатып алуды жоспарлап отырмыз.