Qazaq Oil компаниясы елордалық мың отбасыға азық-түлік таратты

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында сыйлықтар аз қамтылған жанұяларға берілді.

Ұлттық компания жыл соңына дейін 4 мың отбасыға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл үшін олар жергілікті әкімдікпен меморандумға қол қойды.

Тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға берілген бұл қораптың ішінде ең қажетті азық-түліктер мен гигиеналық керек-жарақ бар. Қайырымдылықтың басты мақсаты – қарапайым тұрғындарға көмек беріп, игі істі насихаттау дейді компания өкілдері. Олар  осы бастамадан кейін өзге ірі кәсіпорындар да қайрылымдылыққа бет бұрса дейді.

Төлеміс Шотанов, QAZAQ OIL Бас директоры:

- Бұл тек қана бір рет өтетін шара емес. Осы шараның әрімен қарата іске асырамыз. Осы жылда құдай қаласы осындай 4 шара өткіземіз. Қазақ ойл компаниясы қайырымдылық істерді көптеген істерді іске асырып жатыр қазіргі таңда. 

Қазақ ойл компаниясы қалалық әкімдікпен меморандумға қол қойды. Енді екі жақ бірігіп, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға жәрдемдеседі. Қазір Астанада 2 мыңнан аса шаңырақ атаулы әлеуметтік көмек алады.

Гаухар Бекешова, қала тұрғыны:

- Көп-көп рақмет осылай көмектескендеріңізге. Продукта әкеп бердіңіздер. Үлкен рақмет. Мен многодетный мама, алты баланың анасымын. Осындай времянкада тұрып жатырмыз, снимать етіп. Тосынсый болды, иә. Менде бірінші рет менде ондай көп болмайтын. Көп рақмет сіздерге. 

Айгерім Қарақұнанова, қала тұрғыны:

- Мен көп балалы анамын. Осы қалалық акиматқа, және компания Қазақойлға көп рақмет айтамын. Алғысым шексіз. Келе жатқан Наурыз құтты болсын. Наурыз бәрімізге береке-бақ әкелсін.

Компания жыл соңына дейін 4 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ өзге де әлеуметтік салаларға қаржы құю жалғасады.

Бекзат Аманов, Сайран Ақамбаев