Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Ауданы 30 мың гектар аймақ Алматы - Қонаев тасжолының бойында орналасқан. Аумақтың арнайы құқықтық режимі белгіленеді. Бұл жайында Үкіметтің қаулысы шықты. Жоба 2048 жылға дейінгі кезеңге арналған. Жаңа экономикалық аймақ G4 City қаласын салуға отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай ұсынады. Жоспар бойынша 2048 жылға дейін 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылады. Құны 17 трлн теңгеден астам тауар өндіріледі. 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Жаңа қала 4 ауданнан тұрады. Іскерлік және қаржы орталығы, Білім беру және медициналық хаб, инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ. Сонымен қатар, туристік кластер. G4 City қаласында 2,2 млн адам тұрады деген болжам бар.