Төтенше жағдайлар министрі суға кеткен Қаратал ауылында болды

Төтенше жағдайлар министрі бірінші Ойыл ауданына барып, суға кеткен Қаратал ауылында болды.

Кеше түстен кейін Ойыл өзені арнасынан шығып, су 12 ауланы басып, екі үйдің ішіне кірген. Қазір жергілікті билік тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ екендігін жеткізді. Юрий Ильин өзен арнасын бекітуді, бөгеттерді қалпына келтіруді тапсырды. Ал Қобда ауданындағы эвакуациялық пунктерге 40-қа жуық тұрғын орналастырылды. Жергілікті билік зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілетіндігін айтып отыр. Қазір арнайы комиссия су басқан үйлерді зерделеп, шығын көлемін анықтауға кірісті. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен 400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір 140 адам өз үйлеріне оралды, 70-тен астамы уақытша эвакуациялау пунктінде, 240-тан астам тұрғын туыстарының үйлерінде. Өңірдегі су тасқыны салдарын жоюға 900-ге жуық адам мен 650 техника жұмылдырылды.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Ойыл ауданында жағдай әлі де болса күрделі. Инженерлік желілер мен көлтабандарды судың арнасына кедергі болар бөгеттерді бұзу туралы шешім қабылданды. Себебі өзен суының деңгейі қайтадан көтерілуі мүмкін. Бұл төмендегі ауылдарға қатер төнеді деген сөз. Сонымен қатар көршілес орналасқан Атырау облысына да ескертілді. Қазірден бастап топан суды алдын алуға арналған шаралары қабылдануы тиіс.