Еліміздің жеті өңірінде су басу қаупі бар

Еліміздің жеті өңірінде су басу қаупі бар

Елдің жеті өңіріне су басу қаупі төніп тұр.

Солтүстікте жауын-шашын күшейеді. Кей өңірлерде күн күрт жылуы мүмкін. Су тасқынының алдын алуға 35 мыңнан астам маман мен 11 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Оқыс оқиға туындаған жағдайда зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін тікұшақтар дайын. Одан бөлек, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де сақадай сай отыр. 

Қаһарман Оразалин, ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

- Төтенше жағдайлар және жергілікті атқарушы биліктің ұсыныстарын орындау керек. Үй аумағын қардан уақытылы тазарту, Инертті материалдарды және қаптарды алдын ала дайындау, Жергілікті атқарушы органдарынан эвакуациялау пункттерін және оған жетудің жолын білу, Үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізу құбырларын тазарту керек. Су қоймаларында балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, әсіресе мұз еріп жатқанда.