Алматы облысында жаңа автобус бағыты ашылды

Қоғамдық көлік Қаскелең мен Алматы арасында жүре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

230-шы маршрут Қаскелеңнен шыққан бойда Алматыдағы Төле би-Cайын көшелерінің қиылысына дейін барады. Бұл жолаушылар үшін өте қолайлы.

Бұдан бөлек, аудандағы 5 ауыл арасын жалғайтын 78-ші бағыттағы автобустар жүріп тұр. Жалпы, осы екі маршрут арқылы айына 340 мың жолаушы тасымалданған.

Айта кетейік, өңірдегі қоғамдық көлік мәселесін реттеуді Президент былтыр облысқа жасаған жұмыс сапарында тапсырған еді.

Әлия Асанбаева, қала тұрғыны:

- Қазір мынау бізге рақат. Оқушыларға тегі рақат, балалар үйреніп алған. Маршрутка бізге тиімсіз болған. Біз содан соң көбіне мінбей, айына менің өзімнің отбасыма, балаларымыз ары-бері әкелу үшін таксиге 50 мың жұмсайтынмын.

Дәулет Жандыбаев, автопарк директоры:

- Келесі маршрутымыз бар. Ол КИЗ-Жалпақсай дейді. Осы Қарасай ауданына қарасты. Ол жерде 9 автобусымыз жүреді қазір. Ол КИЗ Жалпақсайдың соңғы аялдамасынан бастап ауыл шетіндегі, Абай-Момышұлы көшеге барады. Абай-Момышұлы қаладағы метростанцияға барады. Сол жерден кері қайтады.