Ұлытау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы басталды

Ұлытау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылданып жатыр.

Табысы орташа деңгейдегі жастардың баспана мәселесін шешуге бағытталған бағдарламаға қатысушылардың жасы 35-тен аспауы тиіс. Бағдарлама талаптары бойынша баспанаға денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ақпарат саласының қызметкерлері өтініш бере алады.  Несиелендіруге биыл облыс қазынасынан 750 млн теңге бөлінді. Бағдарлама 5 жыл бойы жалғасады.  Жылына кемінде 40-тан астам азаматқа тиімді шарттармен тұрғын үй несиесі берілетін болады.

Дархан Мұқан, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы:

- 60 мыңның айналасында жас бар десек облыста, осы бағдарлама туралы алғаш ақпар шыққалы хабарласып жатқан азаматтар көп. Кешеден бері 100 дің үстінде азаматтар консультация алып кетті. Қазірдің өзінде 15 адамның құжаттары тексеріліп, өтінімдері қабылданды.